Жаңа оқу жылына дайынбыз ба?
1 min read

Жаңа оқу жылына дайынбыз ба?

Санаулы күннен кейін жаңа оқу жылы басталып, Теміртау қаласында 24137 бала білім алуға кіріседі. Осы орайда қаладағы білім ошақтарының жағдайы қандай? 1 қыркүйектен бастап оқушыларын қайта қарсы алуға дайын ба? Осы сынды түйткілді мәселелер қала әкімдігінде талқыланды.

-«2023 жылы ағымдағы жөндеуге 23 білім беру ұйымдарына оның ішінде 7 мектепке дейінгі ұймдарға 15 орта және 1 қосымша білім беру ұйымдарына жалпы соммасы 121 млн 857 мың тг қаражат бөлінген»,-дейді Теміртау қаласының білім бөлімі басшысы Халипа Жаудинова.

Сондай-ақ оқушылардың қауіпсіздігі де басты назарда болатынын айтқан мамандар, 56 білім ұйымына ақшалай қаражат бөлінгенін жеткізді. Сөздерінше 19 ұйымға бейне камералары орнатылды. Қалған 10 ұйымда бейне камераларды орнату жұмыстары жалғасуда.

Жаңа оқу жылында әдеттегідей бастауыш сынып оқушылары мен арнайы санаттағы оқушылар үшін тегін тамақ қарастырылған. Жиында бұдан бөлек Мектепке жол акциясы яғни,білім құралдарымен тегін қамтамасыз ету мәселесі де қаралды.

-«Бүгінгі таңда мектеп басшыларының ұйымдастыруымен 2043 бала үшін жалпы білім беру қорынан 83 млн 803 мың тг көлемінде материалдық көмек көрсетілді. Бір бала үшін 40067 тг есебінде. Бүнге дейін келіп түскен өтініштер 99,3 пайызды құрап отыр. Сонымен қатар бізде осы көмек көрсетуге бөлінген қаражаттар әлі бар, егер ата-аналар мектеп басшылығына өз өтініштерін айтса біз шарттар бойынша көмектесетін боламыз».

Жаңа оқу жылындағы басты мәселелердің бірі кадр жетіспеушілігі болып отыр.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *