Рубрика: Білімді бала
Сыңғырла, қоңырау, сыңғырла
Бүгін – білім күні. Миллиондаған баланың жүзіне шаттық ұялап, жазғы демалыстағы сағыныштан соң мектептеріне қайта оралды. Ал, мыңдаған бірінші сынып табалдырығын имене аттап, жаңа ортаға көзжүгіртті. Теміртау қаласындағы оқу орындары да бүгін есіктерін айқара ашып, жаңа оқу жылын мерекелік көңіл-күймен қарсы алды. Біз де осы бір айтулы күннің қарсаңында балаларға базарлық сыйлауды жөн көріп отырмыз. […]
Елімізде ерекше дарынды бала тұрады
Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы, Прапорщиково ауылында ерекше дарынды бала тұрады. Ералы Пазылбекұлы 4 жасында оқуды үйренген. 6 жасында қазақ халық ертегілерін оқып тауысқан. Қазір Д.Қонаев атындағы орта мектептің 4-сыныбында оқиды. 9 жасында кітап шығарып, ең дарынды жас жазушы атанып отыр. Massaget.kz порталының тілшісі жас жазушының анасы – Гүлнұр Зұлқаршынқызымен тілдесті. Жас қаламгердің анасының айтуынша, […]
